Универсиада үшін салынған Атлеттер қалашағына пәтер кезігінде тұрғандар қоныстана бастады. Бүгін 120 отбасы жаңа баспаналы болды. Пәтерлер "Нұрлы жер" бағдарламасымен беріліп жатыр. Ол 8 жылдан 20 жылға дейінгі аралықта жалдап, сатып алу тәсілімен беріліп жатыр. Жыл соңына дейін атлеттер қалашығына 400-ден астам отбасы қоныстанады. Барлығы әлеуметтік аз қамтылған 2 мың жанұяға пәтер беріледі. Олар мүгедек жандар, жетімдер, көпбалалы отбасылар мен бюджеттік мекеме қызметкерлері. Биыл Алматыда шаршы метрлерді көбейту үшін «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы 20 млрд теңге, ал жергілікті бюджеттен 33 млрд теңге бөлінген. Кезекпен үй алушыларға пәтерді әділ бөлу үшін арнайы комиссия жұмысқа кіріскен.
Бауыржан
Бәйбек, Алматы қаласының әкімі:
Прокуратураның өкілдері
бар. Біз комиссия мүшесі ретінде, мәслихат депутаттарын, қоғамдық кеңестің,
жалпы белгілі азаматтардың тізімін қостық. Бәрі электронды түрде, пәтерлер
берілетін болады. Соған байланысты, адами әр түрлі субъективті факторларды
алып, ешқандай жемқорлыққа, түсініксіз мәселеге жол бермейтін боламыз.