×

«Бақытты балалық шақ» жобасы аясында 107 іс-шара өткізілді - Л.Жұмашева

AstanaTV
01.06.2017ж. 20:00
4095
«Бақытты балалық шақ» жобасы аясында 107 іс-шара өткізілді - Л.Жұмашева

«Бақытты балалық шақ» жобасы аясында соңғы бес айда 107 іс-шара өткізіліп, балалар үйі мен мен толық емес отбасында тәрбиеленіп жатқан 7000 баланы қуанта білген. «Нұр Отан» партиясының бірегей бастамасы жаңа бастамалармен толығып келеді.

Солардың бірі - «Хэппилон» компаниясының шоу-бағдарламасы. Теңізді мекен ететін сүтқоректі жануарларды елорданың төрінде көру балдырғандарға ерекше әсер еткені сөзсіз. Партия өкілінің айтуынша, жобаның әлі де тың бастамалары баршылық.

Лунара Жұмашева, «Нұр Отан» партиясы саяси бөлімнің кеңесшісі:

Біз түрлі форматта шаралар өткізіп тұрамыз. Концерттік бағдарламалардан бастап спорттық сайыстарға дейін. Енді міне жасөсіпірімдерге қуаныш пен көтеріңкі көңіл сыйлау үшін осындай шоуға әкеліп отырмыз. Жоба аясында біз әлі де балаларды қуанта беретін боламыз.

Николай Бондарь, дельфинарийдегі теңіз сүтқоректілерінің бапкері:

Біз күніне 3-4 мәрте жаттығу жасаймыз. Дельфиндер үшін бұл қажет. Себебі олар теңізде күніне 100 шақырым жүзеді. Астаналық көрермендер бізді құшақ жая қарсы алды. Жалпы, дельфиндер көпшіліктің қошеметін жақсы көреді, сезеді. Балаларға қуаныш сыйлай алғанымыз үшін ризамыз.