Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Алматы зообағындағы ақ аю үшін желдеткіш пен бассейні бар қаумал жасалды

AstanaTV
01.06.2017ж. 20:00
3537
Алматы зообағындағы ақ аю үшін желдеткіш пен бассейні бар қаумал жасалды

Меценаттар Алматы хайуанаттар бағындағы жалғыз аюға жағдай жасады. Қалталы азаматтар қаумалда қамалған жыртқыш аңға желдеткіш пен бассейні бар айрықша апан салып берді. «Алькор» деп лақап ат қойылған ақ аюдың мүшкіл жағдайын көпшілік өткен жылы көтерген еді. Қоғам белсенділері қаумалдың санитарлық талаптарға сай келмейтіндігін, ал аңның ауру екендігін айтқан болатын. Ал қазір оның жағдайы жақсарды, - дейді зообақ директоры. Қайырымды азаматтардың қаражатына, бұдан бөлек хайуанаттар бағындағы мүйізтұмсықтардың да мекені жөнделіпті.