$516.77 €542.87 ₽5.33
×

Полиция тұрмыстық жанжалдардың басты себебін атады

24.01.2025ж. 20:00
206
Полиция тұрмыстық жанжалдардың басты себебін атады

Тұрмыстық жанжалдардың басты себебі – маскүнемдік. Тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы Заң күшіне енгеннен бастап 1 мыңнан аса қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру мен ұрып-соғу фактілері анықталды. Былтыр дағдарыс орталықтарына зардап шеккен 120-дан астам әйел және 1264 бала орналастырылды. Отбасының шырқын бұзған 2253 маскүнем есепке қойылды. 

ГҮЛМИРА ШРАХМЕТОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПД ӘЙЕЛДЕРДІ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Тұрмыстық жанжалдардың туындауына, көбінесе, отбасы мүшелері арасындағы маскүнемдік әсер етеді. Біз түнде алкоголь өнімдерін сату фактілерінің жолын кесу, қоғамдық орындарда мас күйде жүрмеуді қадағалау сияқты алдын алу шараларын қабылдаймыз.

Қылмыстық құқық бұзушылық - 1184

Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру - 238

Ұрып-соғу - 39

120 әйел, 1264 бала

2253 маскүнем