АҚШ-тағы ағайынға ескерту жасалды. Қазақстан елшілігі миграциялық саясаттың қатаңдауына байланысты құжатсыз, визасыз жүрген отандастарымыздың қайта Америкаға кіре алмайтындай қуылатынын немесе қамалуы мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ, жаңа заңға сәйкес, әлеуметтік жәрдемақылар мен жұмыс істеуге рұқсат беретін құжаттар, өзге де жеңілдіктер жойылады. Сондықтан "визасыз жүрсеңіздер АҚШ территориясынан шығып үлгеріңіз» деп үндеу жасады.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНДАҒЫ ЕЛШІЛІГІ:
АҚШ билігі заңсыз негізде жүрген шетелдіктерге елден өз еркімен кетуге мүмкіндік беріп отыр. Бұл шара Қазақстан азаматтарының депортацияға ұшырау қаупін азайтуға және оның салдарынан болашақта АҚШ визасына өтініш бергенде ел аумағына кіруге тыйым салынуынан сақтануға көмектеседі.