$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Атырауда 41 мұнайшы қауіпсіз жерге көшірілді

AstanaTV
17.03.2016ж. 20:00
1499
Атырауда 41 мұнайшы қауіпсіз жерге көшірілді

Бүгін Атырауда мұнайшылар қауіпсіз жерге көшіріле бастады. Ал толассыз жауған жаңбырдан 92 баспана мен 125 аула суға толған. Тағы 40-қа жуық баспананың жағдайын тиісті органдар бақылауға алыпты.

Бұл туралы бүгін қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді. Ал аудандардағы жағдай да мәз емес. Әсіресе Исатай, Жылыой, Мақат аудандарынан тұрғындар арнамызға қоңырау шалып, баспаналарының судың ортасында қалып жатқанын хабарлады. Құтқарушылар бүгін таңертең Каспий теңізі жағалауынан 10 шақырым қашықтықта жатқан «Западный Морской» кен орнынан 41 мұнайшыны қауіпсіз жерге көшірді.

Михайл Хагай, Атырау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы:

Қаладан 22 құтқарушы мен 5 техника шығып, мұнайшылар «Западный Морской» кен орнының вахталық кентіне қауіпсіз жерге көшірілді. Кен орны Жылой ауданынан 150-160 шақырым жерде орналасқан.

Ал қала бойынша төтенше жағдайлар департаментіне 200-ден астам адам көмек сұрап қоңырау шалған. Мамандар апта аяғына дейін әлі жауын-шашын болады деп болжап отыр. Баспанасын су басқандар туыстарын жағалауға мәжбүр. Тұрғындар былтырғы жағдай тағы қайталанғанына налиды.

Ораз Марданов, зейнеткер:

Майда  80 мың теңге беріп сорғыздым. Әр вакуумға 6 мың теңгеден бердім. Кейін балалар, қартсың ғой деп,  3 мыңнан сорды, 10 рет.  Одан пайда жоқ. Февральдың онынан бері екі рет келіп сорып кетті.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ