Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қостанай облысында 30 жуық баланың құжаты жоқ

AstanaTV
17.03.2016ж. 20:00
1233
Қостанай облысында 30 жуық баланың құжаты жоқ

Қостанай облысында әртүрлі жастағы 30-ға жуық баланың қазақстандық туу туралы куләктері жоқ. Елдегі адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюроның өңірдегі өкілдері осындай мәлімет таратты. Олардың ақпаратына сүйенсек, бұл мәселеге ата-аналарының Кеңес кезіндегі төлқұжаттарын әлі күнге дейін ауыстырмауы қолбайлау болып отыр.

Олардың көбі жуырда Қазақстанға қоныс тепкен бұрынғы одақ республикалардың тумалары көрінеді. Халықаралық бюроның хабарлауынша, Қостанайдағы филиалға былтырдан бері азаматтығы жоқ 130 адам жүгінген. Солардың ішінде құжаттан жұрдай аналар мен балалар да бар.

Махаббат Қадыралинова, Қазақстанның адам құқығы жөніндегі халықаралық бюросы Қостанай облысындағы филиалының заңгері:

Бізге 12 әйел жүгінді. Олардың әрқайсысында екі-үштен баласы бар. Олардың қолында бұрынғы қызыл паспорттар мен туу туралы куәліктері ғана бар. Қазіргі кезде көбісінің азаматтығын анықтау үшін, Ресей Федерациясының елшілігінде тексеріліп жатыр.

Заңғар САНАЙ