Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Орталық сайлау комиссиясы мерзімінен бұрын мәжіліс және мәслихат сайлауын өткізуге толық дайын

AstanaTV
18.03.2016ж. 20:00
1350
Орталық сайлау комиссиясы мерзімінен бұрын мәжіліс және мәслихат сайлауын өткізуге толық дайын

Орталық сайлау комиссиясы мірзімінен бұрын мәжіліс және мәслихат сайлауын өткізуге толық дайын екендерін мәлімдеді. Науқанды атқаруға 13 399 сайлау комиссиясы атсалысады. Барлығы дерлік арнайы дайындықтан өтіп, оқытылған. Ол үшін 900 тренинг ұйымдастырылды. Барлық учаскелер қажетті материалдармен жабдықталған. Бірніші қаңтардағы дерек бойынша,  9 млн 800 мың қазақстандықтың тізімі анықталған.

Бақыт Мелдешов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:

Дауыс беру 20 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша 7-де басталады, кешкі 8-де аяқталады. 9 840 учаскеде дауыс беріледі. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 817 байқаушысы алдағы сайлауда байқауды жүзеге асырады.

Ал шет елдік байқаушылар Қазақстанға ағылып келіп жатыр. Алды баспасөз мәслихатын беріп үлгерді. Ұлыбританиядан байқаушы ретінде әріптесіміз журналист Алан Джон Спенс келген.

Алан Джон Спенс, «INTEGRATIVE MEDIA LLP» бас атқарушы директоры:

Дауыс беру процесі  бойынша кеңейтілген брифинг өтті. Үй тапсырмасын да орындадық. Екі сайлау біріктірілген. Десе де дайындалуға уақыт жеткілікті болды. Біз қандай партиялар сайлауға түсетінін және қандай кандидаттар ұсынғанын зерттедік.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ