$521.6 €534.27 ₽5.25
×

"Былтыр жалпы соммасы 1,2 трлн теңге болатын 169 кәсіпорын іске қосылды", - Е. Қарин

03.02.2025ж. 20:00
167
"Былтыр жалпы соммасы 1,2 трлн теңге болатын 169 кәсіпорын іске қосылды", - Е. Қарин

Былтыр жалпы соммасы 1,2 трлн теңге болатын 169 кәсіпорын іске қосылды. Ұлттық құрылтайдың жұмыс секцияларының отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин осылай деді. Жүргізіліп жатқан реформаның арқасында 14 мың жұмыс орны ашылды. 7 мың инженерлік-коммуникация желілері мен 12 мың шақырым жол жөнделді. 100-ден астам мектеп халық игілігіне берілді. Мемлекеттік кеңесші Президент бастамаларының көбісін жүзеге асыруда Ұлттық құрылтай мүшелерінің үлесі зор екенін айтты.

ЕРЛАН ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

Ғалымдар, мұғалімдердің, жұмысшы мамандықтардың мәртебесі артып келе жатыр. Жастар саласына қандай көңіл бөлініп жатыр. Креатив саласында қандай қолдау көрсетіліп жатыр. Энергетика, ауыл шаруашылығында өзгеріс, жұмыстар жасалып жатыр. Осының бәрі де мемлекет пен қоғам арасындағы сындарлы диалог арқасында, сіздердің еңбектеріңіз арқасында.