$520.27 €537.65 ₽5.24
×

614 мың адамның қарызы кешірілді

04.02.2025ж. 20:00
112
614 мың адамның қарызы кешірілді

614 мың азаматтың 210 млрд теңге соммасындағы проблемалық берешегі ішінара немесе толық кешірілді. Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты. Қазір кредит беру кезінде тәуекелдерді азайту және қарыз алушының құқығын қорғау мақсатында бірқатар жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ, бизнеске берілген несие көлемі де артып жатыр. Былтыр кәсіпкерлердің алған қарызы 13,1 трлн теңгеге ұлғайған. Экономиканы кредиттеу де 20,9 процентке артты. Мемлекет басшысы Агенттікке қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, нақты секторды кредиттеу аясын одан әрі кеңейту жөнінде бірқатар тапсырма берді.