$495.28 €538.32 ₽5.77
×

Орталық Азия мемлекеттерінің азаматтары үш жылда өз елдеріне 1 трлн теңге аударған

05.02.2025ж. 20:00
131
Орталық Азия мемлекеттерінің азаматтары үш жылда өз елдеріне 1 трлн теңге аударған

Қазір қарызға батып, көлік мінгенше, жалға алып жан баққанды құп көретіндер көбейді. Бұл қызметке сұраныс жылдан жылға артуда. Былтыр темір тұлпарды жалға беретін компаниялар 60 млрд теңге пайда тапқан. Бұл қызметке жүгінетіндердің көбі жастар. Олар жаңа, комфорт санатындағы көліктерге қызығады. Темір тұлпарды ұзақ мерзімге жалға алады екен.

Былтыр 6 млн 800 мың адам 10,6 трлн теңгеге кепілсіз тұтынушылық несие алған. Бұл 2023-ші жылмен салыстырғанда 16 процентке артық. Несие беру шарттары қатаңдатылғанымен қарыз алушылар саны азаймай тұр. Мамандар бұған халықтың табысының аздығы себеп деп отыр. Егер қосымша құн салығы көтерілсе жағдай одан сайын ушығуы мүмкін.

Қазақстанда жүрген Орталық Азия мемлекеттерінің азаматтары үш жылда өз елдеріне 1 трлн теңге аударған. Ал Мемлекеттік кірістер комитеті шетелдіктердің үш жылда 136 млрд теңге табыс тапқанын айтады. Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов бұл «көлеңкелі экономиканың» көрінісі дейді. Соның салдарынан бюджетке 2-2,5 трлн теңге салық түспей жатыр.

МАРХАБАТ ЖАЙЫМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Заң жобасын зерделеу кезінде елімізде көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл саласында бірыңғай саясатты қалыптастыруға және басқа ведомстволарды үйлестіруге жауапты мемлекеттік орган жоқ болып шықты. Әр мемлекеттік орган бір-біріне сілтейді. Кім жауап беретіні белгісіз. Әрбір мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде шаралар қабылдайды, бірақ функционалдылықты нақты бөлетін тұтас жүйе жоқ.

Былтыр 100 мыңнан астам адам ауылдан қалаға көшті. Бұл – соңғы 25 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш. Соңғы 10 жылда 582 елдімекеннің түтіні біржола өшкен. Қазір халықтың 38 пайызы, яғни, 7 жарым млн адам ауылда тұрса, бұл көрсеткіш жыл сайын кеміп барады.