$515.31 €533.96 ₽5.3
×

Ақтөбеде газ өндіру компаниясының жұмысшылары 12 вагон сұйытылған газды заңсыз сатпақ болған

06.02.2025ж. 20:00
91
Ақтөбеде газ өндіру компаниясының жұмысшылары 12 вагон сұйытылған газды заңсыз сатпақ болған

Ақтөбе облысында әлеуметтік газды ұрлап, сатпақшы болған қылмыстық топ ұсталды.Олар жалған құжат жасау арқылы 12 вагон сұйытылған газды сатуды көздеген. Фигуранттар газ өндіру саласындағы компаниялардың бірінің жұмысшылары көрінеді. Олар алдымен газдың құрамын тексеріп, оны жарамсыз деп таниды. Кейін жинақтап, вагондарға тиеген. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

ҚУАНДЫҚ АЛПЫС, ҚР ІІМ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ:

Кең орнынан ұрланған газы бар 12 вагон ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Нәтижелері бойынша келтірілген шығын соммасы белгілетін болады. Жедел тергеу іс-шаралары жалғасуда.