$502.83 €545.37 ₽5.95
×

Қостанайда бірнеше рет өзгенің көлігін айдап кеткен адам ұсталды

06.02.2025ж. 20:00
299
Қостанайда бірнеше рет өзгенің көлігін айдап кеткен адам ұсталды

Қостанайда бірнеше рет өзгенің автокөлігін айдап кеткен тұрғын ұсталды. Желік қуған 18 жастағы жігіт он бес тәулікке қамалды. Түн ортасында жүйткіген көлік - қырағы полицейлер көзіне түседі. ВАЗ 2114 көлігін тізгіндеуші патрульдің ескертуін елемей, қарсы жолаққа шығып, бағдаршамның қызылына өтіп өрескел ереже бұзған. Өзгенің көлігін айдап әкеткен күдікті апаттық жағдай туғызып, сақшылардан сытылып кетпек болған. Бірақ кәнігі полицейлер қызметтік көлік пен ұрланған көлікке зақым келтірместен, желіккен жүргізушіні тығырыққа тіреді. Бұл жігіт бұған дейін де бірнеше рет өзгенің көлігін заңсыз иемденіп кеткен көрінеді.Енді ол екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

КАРИНА БАЗАРБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Көлікті заңсыз иемденгені үшін ол екі жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Сонымен қатар, автокөлікті құқықсыз басқарғаны үшін сот оған 15 тәулік мерзімге қамауға алу жазасын тағайындады. Қалған жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін полицейлер оған 70 мың теңге айыппұл салды.