$447.14 €499.54 ₽5.46

Астанада турік миниатюра өнерінің шеберлері «IZLEK» көрмесін таныстырды

AstanaTV
06.11.2026ж. 19:00
Астанада турік миниатюра өнерінің шеберлері «IZLEK» көрмесін таныстырды

Астанада алғаш рет түріктің танымал миниатюра суретшілерінің көрмесі ашылды. Түркия елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған шара көне дәстүр мен заманауи шеберлікті ұштастырады. Экспозицияда екі елдің ортақ өрнектері мен мәдени жақындығы айқын көрініс тапқан. Ал авторлар бұл бастама екі ел арасындағы шығармашылық байланысты одан әрі нығайтатынын атап өтті. 

ТАНЕР АЛАКУШ, ТҮРКИЯНЫҢ БЕЛГІЛІ МИНИАТЮРА СУРЕТШІСІ, АКАДЕМИК: 

Біз бір тілде сөйлесіп жатқан сиқтымыз. Яғни, өнер ең маңызды тілдердің бірі. Ол әр елді біріктіруші қасиеткек ие. Бүгінгі көрмеге барлығы 41 туындымыз қойылды. Әсіресе, жұбайым екеуміз бірлесіп жасаған жұмыстар және әйел жауынгер бейнеленген туындым мен үшін өте қадірлі.