$495.28 €538.32 ₽5.77
×

Ақтөбе облысында көктемде су басу қаупі жоғары 58 аумақ бар

06.02.2025ж. 20:00
230
Ақтөбе облысында көктемде су басу қаупі жоғары 58 аумақ бар

Ақтөбе облысында су басу қаупі жоғары 58 аумақ бар. Онда 66 мыңнан астам халық тұрады. Әсіресе былтыр тасқыннан зардап шеккен Ырғыз, Қобда, Ойыл аудандарына қауіп биыл да төніп тұр. Қазгидрометтің болжамынша, қар жамылғысы қалың, бірақ ылғалдылығы төмен. Тасқынның алдын алу мақсатында 38 шақырым қорғаныс бөгеті салынып, 45 шақырым жағалау нығайтылды. «Көсем», «Терең сай» плотинасын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Облыста қызыл сумен күреске 38 мың каптан астам инерттік материал дайындалған.

АСЛАН АРЗЫМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Бізде қазір қауіп төндіретін аудандар Ырғыз ауданы, Қобда ауданы және Ойыл ауданы. Ойыл ауданында нақтырақ айтсақ Ойыл ауылына баратын жердегі көпірдің бұзылып тұрғаны, әлі күнге дейін жасалған жоқ. Осы қауіп төндіруі мүмкін. Ал қалған аудандар орташа деп айтуға болады.