«Жастар рухы» Жастар Қанаты Алматы қалалық филиалының жаңа төрағасы сайланды. Сайлау рәсімі конференция делегаттарының дауыс беруімен өткізілді. Жаңа көшбасшы ретінде Дидарбек Ділдәбек таныстырылды. Іс-шарада ұйымның осы күнге дейін жүзеге асырған жобаларының нәтижесі көрсетіліп, экс-төраға есеп берді. Алдағы уақытта жастар саясатын жандандыру, еріктілер қозғалысын дамыту мен жұмыссыз жандардың әлеуметтік-экономикалық ахуалын өзгерту бойынша бірнеше міндет қойылды. Сонымен қатар, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Ескендірова жаңа басшыға бірқатар тапсырма жүктеді.
ДИДАРБЕК ДІЛДӘБЕК, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Қазір Жоғары оқу орындарымен ғана жұмыс жалғастырып қана қоймай, Алматы қаласының шет аудандарындағы жұмыссыз жүрген жастармен жұмысты бастаймыз, нығайтамыз деген өзіміздің жоспарымыз бар. Биыл- жұмысшы мамандықтар жылы. Осы жұмысшы мамандықтар жылы аясында біздің бір толқында секілді көптеген үлкен партиялық негізде белгіленген үлкен жобалар бар.