Қарағанды облысында төрт түлік малы індеттен қырылған тұрғындар өтемақы алады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі мәлімдеді.
Тұрсын Қабдолданов, ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары:
Диагноз қойылғанға байланысты өтемақы төленеді. Оның есебінің барлығы комиссия арқылы шешіледі. Базардағы және стаистикалық мәліметтер бойынша баға алынады да, орташа нарықтық баға төленеді
Облыстағы
Мыңбаев ауылында бірнеше күн бұрын мал арасында белгісіз ауру басталған. Нұра аудандық ветеринария бөлімі
өкілінің хабарлауынша, 53 бас ірі қара індетке шалдығып, оның 21-і қырылып
қалған. Өлекселер қоршалған мал қорымына көмілді. Ветеринарлар бұл аурудың
пастереллезге ұқсайтынын айтады. Ол топырақтан, судан, немесе кеміргіштерден, тіпті масалардан да жұғуы ғажап емес. Сондықтан сиырлар осы дертке шалдығуы
мүмкін деген болжам бар. Дегенмен, нақты диагноз ауырған малдың қан
сараптамалары Астанадағы зерттеу орталығында тексеруден соң қойылады. Қорытынды
бірнеше күннен кейін дайын болады. Инспекторлар ауылды аралап, залалсыздандыру
шараларын жүргізуде. Сондай-ақ, кіре берісіне арнайы бекет орнатылған. Ары-бері
қатынаған көліктерді полицейлер тексереді.