Сенат Бюджет кодексін Мәжіліске қайтарды. Сенат Төрағасы мемлекеттік қаржыны басқару жүйесіндегі үрдістер, сондай-ақ, фискалдық саясат саласындағы проблемалар елдің бюджеттік үлгісін қайта қарау қажет екеніне дәлел болғанын атап өтті. Заңдарды қарау кезінде депутаттар бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылауды қамтамасыз ететін тетіктер мен басқа да бағыттар бойынша түзетулер ұсынды.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Қаралған заңдар мемлекеттің фискалды саясатын тиімді іске асыруға және еліміздің стратегиялық құжаттарында айқындалған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді деп сенеміз.