4 оқушы интернаттан қашып кетті. Оқиға Шығыс Қазақстан облысы, Серябринск қаласында болды. Жасөспірімдер түн ортасында, қақаған аязға қарамастан сырт киімсіз жүгіріп шыққан. Қоғамдық дәретханаға тығылып, үсік шалған қолдарын көрсетіп көмек сұраған бейнежазбаны әлеуметтік желіде тарады.
«Девиантты мінез-құлқы бар арнайы мектеп интернат» 2002 жылдан бастап жұмыс істейді. Мектеп тарихында мұндай жағдай екінші рет қайталанды. Жасөспірімдер оқытушылардың қалың ұйқыға кеткенін күтіп, өрт сөндіру сатысына апаратын есік арқылы қашқан. Абырой болғанда 3 сағаттан кейін табылды. Екеуі ауруханаға жатқызылып, қалғандары интернатқа жіберілді.
ДИНАРА АТЫНТАЕВА, ШҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ҚОРҒАНШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Балалардың жағдайы қалыпты, денсаулықтарына қауіп төніп тұрған жоқ. Олар қар басқан өзен үстімен жүрген. Біреуі суға түсіп кеткен болуы мүмкін. Сондықтан қатты тонып қалған.
Оқушылардың мұндай әркетке баруына қызметкерлер тарапынан жасалған қысым түрткі болса, заң алдында жауап беретін болады. Бұл туралы балалар құқықтары жөніндегі уәкіл айтты
АКСАНА КАЛЕЛОВА, ШҚО БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ:
Мерзімінен бұрын қорытынды жасауға болмайды. Оларды мұндай әрекетке не итермелегенін білу үшін, олармен сөйлесу қажет. Әрине ата-аналарымен де әңгімелескендері де абзал. Бәлкім оларға барлығын бүкпесіз жеткізеді.
Полиция жасөспірімдердің қашып кетуіне байланысты тергеу жүргізеді. Бұл облыстық прокуратураның бақылауында болады.
ШҚО ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған жоқ. Дегенмен ШҚО полиция департаменті девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектеп-интернатта жасөспірімдердің қашып кетуіне қатысты тергеу жүргізеді. Бұл оқиға ШҚО прокуратурасының бақылауында.
Оқушылардың ата-аналарына хабар берілген.