Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Астанада шамдар баламалы энергия көзімен жарықтандырылады

AstanaTV
06.06.2017ж. 20:00
3769
Астанада шамдар баламалы энергия көзімен жарықтандырылады

Астананың сол жағалауындағы шамдар баламалы энергия көзімен жарықтандырылатын болды.  Жобаны іске асыруға күн панелі мен жел генераторы қолданылмақ. Қазірдің өзінде Ұлы дала көшесіндегі шамдар ауыстырылып жатыр. Бұл энергия көзін үнемдеуге жасалған қадам,- дейді энергетика басқармасының өкілдері.

Рустам Қадыров, Астана қаласы энергетика басқармасының жоба жетекшісі:

Бұл тіреулер өз өзін энергиямен қамтамасыз ете алады, оған қоса көшені жарықтандырады. Тек күн көзінен ғана емес, желдің де ықпалынан энергия жинайды. Яғни 24 сағат жұмыс істейді. Сондай-ақ, оның аккумуляторы бар. Бұл жабдық үздіксіз қуат беруге септігін тигізеді.

Басқарма өкілдерінің сөзінше,  бұл ақылды шамдарды инвесторлар елордаға сый ретінде ұсынған.

Тағы бір сыйлық - «Smartflower» құрылғысы. Гүл іспеттес күн панелі ЕХРО алаңы мен Ұлы дала көшесіне қойылған. Австриялық құрылғының бағасы нарықта шамамен 12-18 мың еуро тұрады. Бұл құрылғы күнбағыс сияқты күннің түсуіне қарай бұрыла отырып, қуат жинайды. Жақсы жұмыс істесе, тәулігіне 6 киловатт өндіреді.