Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

«Сәтті қадам» партиялық жобасының екі бағыты бойынша жаңа кезең бастау алады

AstanaTV
06.06.2017ж. 20:00
2368
«Сәтті қадам» партиялық жобасының екі бағыты бойынша жаңа кезең бастау алады

«Сәтті қадам» партиялық жобасының аймақтық филиалдары жүргізген жұмыстардың арқасында 1640  жас тұрақты жұмыспен қамтылған. 200-ден астам кәсіп орынмен келісімшарт жасалды. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясында өткен брифинг барысында «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері мәлімдеді.

Жалпы, «Сәтті қадам» жобасының мақсаты - балалар үйінде тәрбиеленген жас мамандарды жұмысқа тұрғызу. Оның ішінде жоғары оқу орындары және техникалық - кәсіптік білім мекемелерінің түлектері бар. Тағы бір бағыты Астана мен Алматы қалаларындағы мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда жас мамандарға тағылымдама ұйымдастыру болып табылады.

Дана Тулешова, «Сәтті қадам» партиялық жобасының үйлестірушісі: 

Жастардың көбісі осындай ұйымдарда жұмыс істегісі келеді. Бірақ, өздері барса, қиындыққа душар болып жатады. Сондықтан біз оны жеңілдетіп көмек көрсетеміз. 2 кезеңнен өткен 178 баланы біз ұлттық компанияларға 3 айлық тағлымдамаға жібердік. Нәтижесінде 12 бала жұмысқа тұрды.