Бөгет суын ағызбай, үш ауылды су астында қалдырған кәсіпкерге үкім шықты,-деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Хромтау ауданының прокуратурасы «Мағаджан» плотинасының жарылуына қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдаған. Іс материалдарына сәйкес, басқарушы компания болып табылатын ЖШС директоры пайдакүнемдік мақсатта суды ағызу бойынша шара қабылдамаған.
2024 жылғы 4 сәуірде бөгеттің жарылуы салдарынан Табантал, Қызылту және Бесқоспа ауылдары су астында қалып, азаматтардың мүлкі мен инфрақұрылымға зиян келтірілген.
Хромтау аудандық сотының үкімімен сотталушы ҚК-тің 254-бабы (Мiндеттерiне адал қарамау) бойынша кінәлі деп танылып, су шаруашылығы саласында жұмыс істеуге 3 жылға тыйым салумен 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.