$511.18 €530.6 ₽5.28
×

"Дональд Трамптың алдында имамдарыңыз отыр". Нұрлан имам АҚШ-та жүр

AstanaTV
07.02.2025ж. 21:19
89
"Дональд Трамптың алдында имамдарыңыз отыр". Нұрлан имам АҚШ-та жүр

Нұрлан имам атанып кеткен Нұрлан Байжігітұлы АҚШ астанасы Вашингтонда өткен Ақ үйдің қайырымдылық таңғы асына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Нұрлан имам әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында АҚШ президенті Дональд Трамп сөз сөйлегенін жазды.

Америка Құрама Штатының 45-ші және 47-ші Президенті Дональд Трамп мырза қайырымдылық іс-шарада сөз сөйледі. Ең білерім "Құдайым мені атқан адамға өлтіртпей, сіздердің алдарыңызға шығаруы, бұл елім үшін сый әрі менің көп дүниелерді жақсы жағына өзгертуіме себеп" деп айтқаны. Бұл сөзін Вашингтонда тап менің алдымда айтқаны маған үлкен әсер берді. Отырған орным да тура алдына түскен екен. Қасымда Армения, Косово, Украина және т.б. мемлекет президенттері отырды. Түйгенім: Еліміздің әрбір азаматы аманатты сезініп, ісіне адал, жүрегі таза, Отанын шынайы сүйіп қызмет етсе, біздің де алға басар қадамдарымыз қарыштайтынына сенімім мол, ағайындар, - дейді имам.