Елордада "Диуан луғат әт-түрк" сөздігінің 950 жылдығына орай халықаралық көрме ашылды. Онда қолжазба авторы Махмұд Қашқаридің суреті, сөздіктің ең ұқсас көшірмесі мен 11-ші ғасырдағы түркі қоғамын бейнелейтін түрлі жәдігер бар. Диуан лұғат-әт-түрк - 638 беттен тұрады. Онда 9 мыңнан астам түркі сөзінің араб тіліндегі егжей-тегжейлі түсіндірме-аудармалары қамтылған.
АИДА БАЛАЕВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ:
Ежелгі ескерткіштер мен артофакчердің жағдайына уақыт, климаттың өзгеруі және өкінішке қарай антропогендік фактор әсер етуде. Сондықтан да қазір мұндай нысандарды консервациялау және рестоврациялау саласындағы білікті мамандарға қажеттілік өсуде. Осы айтылғандарды ескере отырып біз Түркістан қаласында рестовраторларды оқыту жобасын іске асыруды бастамасын ұсынамыз.