«AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты -тың өзгеріске бастайтын қозғаушы күш.Қуатты құрылым. Қостанайда келелі жиын өтіп, бірлестік бір жылда атқарған ауқымды істерін қорытындылады. Саясат, бизнес, ғылым және әлеуметтік салада әйелдер қауымының белсенділігі артып келеді. Тобыл өңірінде «AMANAT» партиясының 60 пайызы - әйел. Белсенділер аймақтың қоғамдық-саяси өміріне айрықша атсалысуда.
ҚЫМБАТ БІРМАНОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Әйел адамды жан-жақты қарастыруға болады. Бұл жердегі елдің мүддесі, елдің игілігі үшін жұмыс істейтін әйелдер деуге болады. Елдің болашағы үшін жұмыс істейтін әйел адамдар және мынау саяси тұрғыда саяси сананы өзгерту бағытында жұмыстар атқарып жатқандар. Сондықтан алда үлкен үміттер мен міндеттер қойылып жатыр. Соны бір кісідей ілгерлетуге күш салады деп олаймын.
Жиынға екі жүзден астам адам қатысты.Келелі кездесу барысында сарапшылар мен белсенділер өткен жылдың игі істерін баяндап,енді жүзеге асатын жобалар мен бастамаларды талқыға салды.
АРУЖАН СӘРСЕНБАЕВА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Әйелдер қанаты мен «Жастар рухы» жастар қанаты бірлесіп, Women in Tech атты бағдарламаны жүзеге асырмазы. Бұл бағдарлама біздің бастамашыл жобамыз болып табылады. Оның негізгі мақсаты жұмысшы мамандықтар бойынша, лауазымдар бойынша әйелдерді жұмысқа тарту және жұмысқа тұруына көмек жасау.