Оралда
«террористік топ құрды» деп айыпталған радикалды ағымның 8 мүшесі сотталды.
Облыстық соттың судьясы мәлімдегендей, өздерін діни жамағат деп жариялаған
Жаңақала ауданының тұрғындары ішкі істер бөліміне қарулы шабуыл жасамақ болған.
Олар тіпті Сирия мен Ирактағы соғысқа қатысуға бекініп, «Халифат» жолында шаһид
болуға дайындалады. Бірақ шетелге аттанудың сәті түспегесін, интернет арқылы
теріс діни ақпар таратып, қатарына жаңа адамдар тартады.
Бүлікшілердің «қарулы
жиһад» жасамақ болуына былтыр Ақтөбеде орын алған оқиға әсер еткен сыңайлы. Сот
үкімімен дүние-мүлкі тәркіленіп, 6
жылдан 15 жылға дейін жаза арқалады.
Бақыт Ермаханов, БҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы:
Дер
кезінде анықтаған жағдайдың мән-жайын. Егер анықталмаса, аудандық ішкі істер
бөліміне шабуыл жасалуы мүмкін еді. Айыптау актісіне сәйкес, тамыз айының
аяғы-қыркүйек айының басына жоспарлаған.