$446.56 €512.34 ₽5.3
×

Екібастұзда алты жастағы баланы көлік қағып кетті

20.09.2026ж. 17:11
Екібастұзда алты жастағы баланы көлік қағып кетті
фото: pixabay

Екібастұз қаласында тұрғын үйдің ауласында жеңіл автокөлік алты жастағы баланы қағып кетті. Бала сол жерде көз жұмған, деп хабарлайды  AstanaTV.

Павлодар облыстық полиция департаментінің ақпаратынша, көлік жүргізуші ұсталған. Оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция жол-көлік оқиғасының нақты себептері мен барлық мән-жайы тергеу нәтижесінде анықталатынын хабарлады.