$488.53 €531.91 ₽5.68
×

Антарктидадағы қардан алғаш рет пластик табылды

AstanaTV
10.02.2025ж. 09:47
221
Антарктидадағы қардан алғаш рет пластик табылды

Ғалымдар Антарктидадағы қардан алғаш рет микропластик тапты. Бұл туралы мұзды құрлықтағы британиялық қызмет өкілдері мәлімдеген. Зерттеушілер Юнион және Шанц мұздықтарынан үлгі алған.

Сараптама 1 литр қарда 73-тен 3 мыңға дейін пластик барын анықтады. Көбісінің көлемі адамның жасушасымен бірдей. Яғни ағзаға кіруге қабілетті.

Сарапшы Клара Манноның айтуынша, пластиктер Антарктидадағы лагерьлерде пайдаланылған киім-кешек, арқан, шөлмектер, жалаулар мен түрлі қаптамалардың қалдығынан жиналған болуы мүмкін. Қарға түскен пластик мүлде жойылмайды, керісінше, жылу бөледі.

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.