$494.87 €520.65 ₽4.91
×

БҚО-да заңсыз киік аулаған топ ұсталды

AstanaTV
21.06.2017ж. 20:00
2966
БҚО-да заңсыз киік аулаған топ ұсталды

Батыс Қазақстанда заңсыз киік аулаған топтың ішінде «Охотзоопром» мекемесінің аға инспекторы да болған. Ал өзгелері жеке бизнесі бар жергілікті ауыл тұрғындары екен. Бұл туралы ІІД өкілі мәлімдеді.

Күдіктілердің үйі мен жұмыс орнын тінту барысында 272 дана киік мүйізі мен 1 млн 120 мың теңге ақша табылды. Сондай-ақ полицейлер 5 мылтық, 134 дана оқ-дәрі, 4 қаршана мен 5 көлікті тәркілеген. Ұсталған бесеудің екеуі қамауда. «Охотзоопром» инспекторы бастаған үш азамат бостандықта жүр. Полиция олардың қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Заңсыз киік аулағандар қатары азаяр емес. Жыл басынан бері браконьерлерге қатысты 13 қылмыстық іс тергеліп төртеуі сотқа жіберілген. Бір қиыны оларды киік аулаған жерінен айғақ заттарымен қолға түсірмесе, қылмысын дәлелдеу қиын, дейді полицейлер. 

Махамбет Темірбаев, БҚО ІІД тергеу басқармасы тергеу бөлімінің бастығы:

Осының ішінде лауазымды тұлға бар. «Охотзоопромның» лауазымды тұлғасы - заңсыз аңшылыққа қарсы күресуге тиісті адам. Бірақ ол кісінің осы қылмысқа қатысы бар екендігі қазіргі таңда анықталып, тексеру жұмыстары жүргізілуде. 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалануы мүмкін.