$505.15 €550.31 ₽5.89
×

Жеңілдетілген несиені жауапкершілігі жоғары диқандар ғана алады

11.02.2025ж. 20:00
151
Жеңілдетілген несиені жауапкершілігі жоғары диқандар ғана алады

Олжас Бектенов әкімдерге тапсырма берді. Биыл егіншілерді қолдау мақсатында 700 млрд теңге бөлінді. Жеңілдетілген несиені жауапкершілігі жоғары диқандарға ғана беруді тапсырды. Бұдан бөлек, Лизингке жұмсалатын қаражат 200 млрд теңгеге жетті. 400 мың тоннадан астам дизель отыны субсидияланды. Үкімет басшысы бөлінген қаражаттың дұрыс жұмсалуы әкімдіктердің тұрақты бақылауында болуы тиіс екенін баса айтты.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономикалық өсімді қамтамасыз етуде аграрлық сектор ерекше орын алатынын ерекше атап, көрсетті. Мемлекет егіс науқанын ойдағыдай өткізу үшін қажетті шаралардың барлығын қабылдады.