$499.74 €525.23 ₽5.6
×

Ақтөбеде ақша бопсалаған жас жігіттер ұсталды

AstanaTV
13.02.2025ж. 09:25
183
Ақтөбеде ақша бопсалаған жас жігіттер ұсталды

25 жастағы жігітті қорқытып, 2 миллион теңге бопсалаған күдіктілерді ізін суытпай ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеп-тексеру барысында күдіктілер бұрын сотталған екі жергілікті тұрғын мен 19 жастағы бойжеткен екені анықталды. Олар алдын ала сөз байласу арқылы жәбірленушіні бопсалау схемасын құрғаны белгілі болды.

"Жас жігітпен әлеуметтік желі арқылы танысқан қыз оны жалдамалы пәтерге шақырған. Кейін бұл жерге күдіктілер келіп, өздерін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған. Олар бойжеткеннің "кәмелетке толмағанын" және жігіттің оның еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскенін хабарлап, жігіттен 2 миллион теңге бопсалаған", - деп хабарлады полиция.