$502.47 €525.83 ₽5.68
×

Михаил Кукушкин Доха турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады

AstanaTV
15.02.2025ж. 23:39
186
Михаил Кукушкин Доха турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады

 Қазақстандық әлемнің 110-ракеткасы Михаил Кукушкин Доха (Қатар) ATP 500 турнирінің іріктеу жарысын жеңіспен бастады, - деп жазды KAZINFORM.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 281-орында тұрған испаниялық Даниэль Мерида-Агилармен өткізді.

Бірінші партияда Кукушкин 6:2 есебімен басым түсті. Екіншісінде де есесін жібермеді – 6:4.

Бір сағат 23 минутқа созылған бәсеке барысында М.Кукушкин эйс жасамағанымен, 12 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Мерида-Агилар 4 брейк-пойнттың тең жартысын өз есебіне жазды.

Михаил Кукушкин іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 83-ракеткасы, италиялық Люка Нардимен кездеседі. Оны жеңсе, негізгі жарысқа жолдама алады. Л.Нарди рейтингіде 157-сатыдағы жапониялық Ясутака Утиямадан айласын асырды – 6:4, 6:4.