Былтыр Наурыз мерекесінде халықты жаппай уламақ болған тәжікстандықтарға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.
Тәжікстан Бас прокуратурасының Терроризм және экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы Джуманазар Саидахмадзоданың айтуынша, кінәлілер 8 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Аталған іс бойынша тағы 10 адам іздеуде.
— Сотталғандардың барлығы дерлік Тәжікстанның түрлі қаласы мен аудандарының тұрғындары. Олар Вахдат қаласында Наурыз мейрамын тойлау кезінде тамақты улап, террористік акт ұйымдастыруды жоспарлаған, - деді Джуманазар Саидахмадзода.
Айта кетейік, осы іс бойынша былтыр Тәжікстанда 20-дан астам адам ұсталған болатын. Бас прокуратураның мәліметінше, лаңкестік әрекет ұйымдастыруды жоспарлғандардың барлығы «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының (Қазақстанда тыйым салынған — авт.) мүшелері болып шықты.