$503.61 €524.96 ₽5.58
×

Алматы облысында белгісіз біреулер бірнеше үйді су астында қалдырған

AstanaTV
16.02.2025ж. 18:05
176
Алматы облысында белгісіз біреулер бірнеше үйді су астында қалдырған

Алматы облысы Қарасай ауданы Көлашы ауылында шаруашылық қажеттіліктері үшін Қаскелең өзенінен ауылдың суару каналына су жіберетін шлюзді белгісіз адам ашып тастаған, деп хабарлайды Almaty.tv ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Шлюз ашылуының салдарынан қысқы кезеңде 4 аула аумағын су басып қалған.

"Бұл аула аумақтары елдімекеннен тыс жерлерде ауыл шаруашылығы алқаптарында ретсіз түрде салынған. Оқиға орнында ТЖД 7 қызметкер, 2 бірлік техника және 2 мотопомпалар, ЖАО 3 адам және 1 бірлік техника жұмылдырылды", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Сондай-ақ оқиға орнында Қарасай ауданы ПБ қызметкерлері шлюз ашқан белгісіз адамды іздестіруде. Аэровизуалды тексеру және дұрыс шешім қабылдау үшін ҰҰА тартылды.