$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астанада ЕХРО көрмесі қарсаңында 7 млн гүл шоқтары отырғызылған

AstanaTV
08.06.2017ж. 20:00
5516
Астанада ЕХРО көрмесі қарсаңында 7 млн гүл шоқтары отырғызылған

Халықаралық ЕХРО көрмесінің басталуына не бары 2 күн қалды. Шет елдік қонақтарды Астана гүл көмкерген қалыпта күтіп алмақ. Мыңдаған флористтер бар күш жігерін салып, бүгінде Астана көшелерін одан бетер жайната түскен. Басты мақсат - әкімшілік мегаполисті жайнаған жасыл түске көмкеру. Сонымен, барлығы қанша гүл отырғызылғаны және ол қай жерде өсірілетінін әріптесім айтып берсін. 

Мұндағы бір ғана жылыжайда 60 мың гүл өседі. Барлығы 20-ға жуық жылыжай кешені бар. Гүлдер өсіп-жетілгеннен кейін бас қаланың көшелерін әсемдеуге жөнелтіледі. Қазірдің өзінде Астана көшелерінде рекордтық көрсеткіштегі гүл шоқтары жайнап тұр.

Ирина Байрамова, «Астана-Зеленстрой» АҚ жылыжай шаруашылығының меңгерушісі:

Былтыр осында 5 млн гүл шоқтарын өсіргенбіз. Барлығы бір маусымдық гүлдер болатын. Биыл 2 млн-ға көп. Гүлдердің де сан алуан түрі бар. Жаз маусымына гүлдердің 32 түрі егілді. 

Гүл аллеяларынан өзге күрделі дизайнерлік фигуралар да мегаполистің сәнін келтіріп тұр. ЭКСПО көрмесіне орай мамандар 8 арнайы фигура дайындады. Ал, қала бойынша 30- ға жуық жерге қойлған. Флористер бұл туындыны «тірі гүл» деп атаса, жалпы жұмысты «кәдімгі туынды» деп бағалайды.

Дәуренбек Бақдәулет, тілші:

Дәл осындай фигуралық тамаша туындыға шамамен 5 мың мен 7 мың аралығында гүл түптері кетеді. Туынды ойдағыдай шығу үшін, гүл тамырларына зақым келмейтіндей етіп, берік қылып орнатады. Осындай бір жұмысқа шамамен 2 апта уақыт кетеді екен.

Ирина Байрамова, «Астана-Зеленстрой» АҚ жылыжай шаруашылығының меңгерушісі»:

Мына фигура жаз бойы тұрды. Оны күніне тәңертең және кешке 2 рет суарады. Өсіп жетілуіне орай қиып түзетіп отыру керек. Мұнда шамамен 1 200 адам жұмыс істеп келеді. Олар ағаш егу, гүл отырғызу, күтім жасаумен айналысады. 

Бір неше айдың ішінде гүлдер жайқалып, ерекше фигуралардың бой көтергенінен өзге қала көшелерінде 20 мың терек бой көтерді. Мамандар әр өсімдікке ерекше көңіл бөлінгендіктен, тұрғындар өсімдік әлемін аялай қараса, деп өтініш жасап отыр. Сонда ғана олар, алғашқы қар жауғанша, жайнап тұра алады.