Әлемдегі уранның 40 проценті Қазақстанда өндіріледі. Табиғи уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы 21 мыңнан астам адамды тұрақты табыспен қамтып отыр. Оның 14 мыңға жуығы - жұмысшы мамандар. Уран өндірудің әдістері қандай? Ол қалай өңделеді? Осы сұрақтардың жауабын білу үшін әріптесіміз Айзада Төребекқызы Түркістан облысындағы кен орнына барды.
Созақ ауданының тұрғыны Пернебек Дауылбаевтың міндеті -жер астындағы уранды соратын ұңғымаларды құрап, тораптарды жасап- жабдықтау. Осы компанияда еңбек етіп жүргеніне ширек ғасырға жуықтаған. 2001 жылы күзетші болып жұмысқа орналасқан ол, қазір- супервайзер.
ПЕРНЕБЕК ДАУЫЛБАЕВ, ГЕОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПОЛИГОН ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ СУПЕРВАЙЗЕРІ:
Келген кезде мен өзім мамандығым жоқ тұғын. Негізі автомеханик, жөндеу жағында, одан кейін жоғарыға жәйлап осы компанияда жұмыс істеп жүріп, оқып алдым.
«Инкай» кенішінде бір ауысымда 300-ден аса адам вахталық әдіспен жұмыс істейді. 25 шақырымды алып жатқан аумақта 3 зауыт, 3 геотехнологиялық алаң орналасқан. Уран 300-550 метр тереңдіктен өндіріледі. Өндірісте жерасты ұңғымалы шаймалау технологиясын пайдаланылады. Тәулігіне 10 тоннаға дейін уран өндіріледі.
ӘЛІБЕК АСАУОВ, КЕНІШ ДИРЕКТОРЫ:
Инкай кенішінде жерасты сілтілендіру әдісімен уран өндіру жүріп жатыр бізде. Ол 2002 жылы бастау алған. Қазіргі таңда бұл заманауи экономикалық жағынан тиімді, экологиялық жағынан ең төмен әсері бар өндірістердің бірі боп табылады.
Жер астынан алынған табиғи уран арнайы цехтарда бірнеше сатыда өңделеді.
АЙБЕК АЙДЫНБЕКОВ, ӨҢДЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Дайын өнім шығару үшін біз төрт реагент қолданамыз. Ол – бірінші, күкірт қышқылы. Күкірт қышқылын біз ерітіп, дайын өнімді полезный компонентті осы алаңға жеткіземіз. Динитрацияда қолданамыз және аммиачный селитра ол шаруашылықта да қолданылады...дальше для осаждение тұндырыру процесінде біз кероксид пен аммиак қоланамыз.
Алдағы жылдары өндіріс 20 процентке дейін артпақ. Дайын өнім АҚШ, Франция және Канада елдеріне экспортталады.