$499.76 €521.7 ₽5.63
×

Аудандық сот әкімдік көлігімен тойға барған - тексеріс басталды

AstanaTV
19.02.2025ж. 22:00
157
Аудандық сот әкімдік көлігімен тойға барған - тексеріс басталды
Фото: pixabay

Жамбыл облысында 68 шенеунік мемлекет мүлкін өз мүддесіне пайдаланған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар қызметтік көлікті балаларын балабақша мен мектепке тасу үшін жүйелі түрде қолданып отырған. Ал аудандық сот әкімдік бөлімінің көлігін иемденіп, той-томалаққа барып жүрген. Соттың бұл әрекеті үшін қызметтік тексеріс басталды. Оған қоса 10 мемлекеттік мекеменің жүргізушілері де жолда жылдамдық асырғаны үшін тәртіптік жазаға тартылған. Былтыр 11 рет жергілікті шенеуніктердің заңсыз әрекеті әдеп кеңесінде қаралған. Онда 74 түрлі мәселеге мән беріліп, 13 лауазымды тұлға жауапқа тартылған.

"Заң бұзуға жол берген 12 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылды. Сонымен қатар 26 мемлекеттік қызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы сомасы 747 630 теңгені құрайтын айыппұлдар мемлекет бюджетіне өндірілген", – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департамент басшысы Руслан Шәріпов.