$499.76 €521.7 ₽5.63
×

Астанада тұрғындар Instagram-дағы саудагерге алданып, 82 млн теңгесінен айырылған

AstanaTV
19.02.2025ж. 23:32
126
Астанада тұрғындар Instagram-дағы саудагерге алданып, 82 млн теңгесінен айырылған
Фото: istockphoto.com

Астанада әлеуметтік желіге кәсіпкер ретінде тіркелген алаяққа 49 адам алданып қалған. Жалған кәсіпкер еден жабындарын сататын саудагер ретінде халықтың 82,2 млн теңгесін қағып алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

С есімді ер адам Instagram әлеуметтік желісінда интернет дүкен ашып, еден жабындарын сататынын және оны жеткізіп беретінін жазған. Осылайша ол 49 адамды алдап соғып, миллиондаған теңгені қалтасына басқан.

Астана соты алдау жолымен бірнеше рет ірі көлемде бөтеннің мүлкін жымқырған ер адамды 4 жыл 8 ай мерзімге соттады.

Алаяқ 49 адамнан алған ақшасын қайтарып беруге міндеттелді.