$491.7 €531.28 ₽5.07
×

Қарағанды облысында браконьерлер табиғат инспекторларына шабуыл жасады деген ақпар жалған - ІІД

AstanaTV
09.06.2017ж. 18:50
1802
Қарағанды облысында браконьерлер табиғат инспекторларына шабуыл жасады деген ақпар жалған - ІІД

Қарағанды облысында браконьерлер табиғат инспекторларына шабуыл жасады, деген ақпар жалған болып шықты. Экипаж көлігі қураған шөптің тұтануынан өртенген. Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД хабарлады. Шындыққа жанаспайтын ақпар таратқандарды жауапқа тарту мəселесі қарастырып жатыр.

Жанып жатқан көліктің бейнетүсірілімін алматылық кәсіпкер Марғұлан Сейсембай әлеуметтік желідегі  парақшасында жариялаған. Броканьерлерді қуған кезде "Ақбөкен" қорығының экипаж мүшелеріне оқ атылып, көліктері  өртенді, -деп жазды. Ұлытау ауданындағы қорық директоры Игорь Милосердов те ақпарат құралдарына осындай сұқбат берген. Алайда, тергеу барысында көлікте болған экипаж мүшелері мұны жоққа шығарған. 

Бақытжан Құдияров, Қарағанды облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

Жазық даладан шаңдатып келе жатқан көлікті көрген. Осыдан кейін аталған көлікте заңсыз аң аулаушылар болуы мүмкін деген күдікпен аталған көлікті аңдымақшы болған, дегенмен «Ақбөкен» табиғи қорығының көлігіне шөптің жиналуынан өрт шығып, көлік түгелімен өртеніп кеткен және бұл туралы «Ақбөкен» табиғи қорығының қызметкерлерімен басшылаққа баяндалған. Полиция қызметкерлерімен шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқандарды жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда.