$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Президенттік арнаулы әдеби сыйлық жеңімпаздары анықталды

25.02.2025ж. 20:00
242
Президенттік арнаулы әдеби сыйлық жеңімпаздары анықталды

Халқымыздың негізгі құндылықтарын насихаттау – әдебиет қайраткерлеріне жүктелер ауыр әрі мәртебелі міндет. Президенттік арнаулы әдеби сыйлық жеңімпаздарын марапаттаған Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева осылай деді. Тұғырдан көрінген жас жазушылар мен ақындар "поэзия", "проза", "драматургия", "балалар әдебиеті" номинациялары бойынша қалам тербеген. Әдеби сыйлыққа 18-35 жас аралығындағы қаламгерлер бұрын халықаралық және ұлттық байқауларға қатыспаған туындыларымен бақ сынады. Сондай-ақ, «Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» жобасымен жарық көрген 20 жас қаламгердің кітаптарының тұсауы кесілді.