Қызылордада 900 көлік жолда қалды. Қыстың соңында жауған қалың қар сыр жұртшылығын әбігерге салып жатыр. Ауа райы күрт бұзылып, айнала көк мұзға айналды. Сыртқы жол түгілі, қала ішінде қозғалыс қиындады. Полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
МҰРАТБЕК МАНАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖПҚБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
345 жеңіл автокөлігі, 542 жүк автокөлігі, балығы 807 көлік құралына, оның ізінде 1207 жолаушы арнайы кешендерге уақытша жайғастырылды.