$501.28 €526.19 ₽5.86
×

Енді оқушылар мектеппен қатар колледжде де білім алады

26.02.2025ж. 20:00
73
Енді оқушылар мектеппен қатар колледжде де білім алады

Енді жоғары сынып оқушылары мектепте оқып жүріп, қосымша колледже де білім ала алады. Сонда оқу аяқтағанда аттестат қана емес, дипломды да бірден иеленеді. Демек, дайын маман атанып, еңбек нарығана араласа алады деген сөз. Сондай-ақ білім алушылар бұдан былай оқу грантын ақтап әуре болмайды. Мәжіліс жастардың жіті білім алуына бар жағдайды жасайтын заң жобасын талқылады. Тағы қандай өзгерістер бар екен? Әріптесім Аружан Задабек айтады.

Мәжіліс отырысы жүрек толқытатын сәттен басталды. «Қоштасудың қиынын-ай» деген депутаттар әріптестері Берденовты Палатадан шығарып салды. Ол «өмір бір рет берілсе, оны Шымкентте сүру» керек деді-ау. Қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Экс-депутат өзінің де жаны жылап тұрғанын айтып, қимастығын жасырмады.

Депутаттар жастарын сүртіп-сүртіп алды да, күнтізбедегі мәселені талқылауға көшті. Бәрінің іші толып қалған екен. Өткен жылы депутаттар жабылып, білімді балаларға тегін грант беруді қолға алды. Сол кезде бұл іс әлі де жалғасын табу керек деген еді. "Жігіт екі сөйлемейді" деген осы. Бүгін Аймағамбетов енді олимпиада жеңімпаздарына қаржылай сыйақы беруді ұсынды. Аз емес, бірден 6 миллион ұстатпақ. Ал дайындаған ұстаздары 500 мың теңгеден иеленеді. Мұны естіген біраз депутат «ақшаны қайдан аласыздар, бюджетті үнемдеу керек емес пе» деп қарсы шығып еді, экс-министр Асхат оларды бірден орнына қойды. Спортшыларға 250 мың доллар тапқанда, білім қуғандарға 6 миллионды қимай қалдық па деп мат қойды.

АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

"Болашақ" бағдарламасы аясында бакалавриат деңгейінде шетелдің озық университеттеріне түсу құқығын бердік. Мемлекет басшысы дарынды балаларды қолдау жөнінде тиісті тапсырма берген болатын, міне сол тапсырма аясында жұмысымыз жүріп жатыр.

Тағы бір жаңалық. Енді мектеп бітірген оқушы қолына бірден екі қағаз ұстап шығады. Бірі аттестат, екіншісі – кәдімгі маман екенін дәлелдейтін диплом. Заң жобасында 10-11 сыныпта оқитын балалар қосымша колледжде де білім ала алады деген норма бар. Яғни, жасөспірімдер түске дейін мектепке барса, түстен кейін колледже бет бұрады.

РИНАТ ЗАЙЫТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ешкім ол жерден математик шығара алмайды. Бірақ жанағы айтып отырған оқу жүйесі біздің балаларымыз мектеп бітігенде официант пен доставщик емес жұмысшы болуына мүмкіндік береді.

Қолына диплом алған әр түлектің мақсаты – өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасу. Ал, егер студент грант арқылы білім алса, тіпті, қиын. Өйткені мемлекет төлеп берген ақшаны ақтау - міндет. Егер дипломың сандыққа кетсе, 4 жыл тегін алған біліміңнің ақысын төлеуің тиіс. Бұл біраз адамның мәселесіне айналғаны депутаттардың да құлағына жетіпті. Енді бұл міндеттің барлығы алынып тасталмақ. Әрине, мұндай батпанқұйрық бәріне арналмаған, тек мүмкіндігі шектеулі жандар ғана жеңілдікке ие болады.

ТАЛҒАТ ЕШЕНҚҰЛОВ, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Мемлекеттік грант есебінен оқыған азаматтардың жұмыспен өтеу тәртібі осы жерде көрсетілген. Яғни, дифференциация түрінде қаралады.

Жаңа норма тек мектеп оқушыларының құқығын қорғауға арналмайды. Ішінде балабақша мәселесі де қаузалған. Өздеріңіз білесіздер, бізде бала 6 жасқа толса болды, бірден балабақшадан шығарылады. Күзге дейін күту жоқ. Туған күні қаңтар айында болса, сол айдан, сол күннен бастап «қайда апарсаң, сонда апар» деп мекеме тәрбие беруін тоқтататын. Жаңа нормаға сәйкес бұл салада да өзгеріс бар. Енді кез-келген 6 жастағы бала 1-сыныпқа аяқ басқанға дейін мектепке дейінгі даярлау орталығында қалағанынша жүре алады.

ЕДІЛ ОСПАН, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Жыл сайын осы сұрақтармен беспе-бет келіп отырмыз. Осы ұсынылып отқан заң жобасы балалардың мектеп алды даярлығы программасы біткеннен кейін 31 шілдеде мектепке ауысуын реттейтін норма болып табылады. Нақты берзім белгіленіп отыр.

Заң жобасында мәдениетке қатысты мәселелер де қаралған. Депутаттар әншілердің фонограммамен ән айтуына тыйым салу керек деп бас көтерді. Бірақ министрлік бұл ұсынысты әлі қолдамапты.