$501.28 €526.19 ₽5.86
×

Әрбір қазақстандық ойын-сауыққа ай сайын 11 мың теңге жұмсайды

26.02.2025ж. 20:00
106
Әрбір қазақстандық ойын-сауыққа ай сайын 11 мың теңге жұмсайды

Былтыр елімізде 32,5 тонна сары май өндірілді. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 4,7 процентке көп. Экспорт көлемі де 2 есе өскен. 4,2 мың тонна өнім шетелге сатылды. Басым бөлігі Ресей, Түркменстанға жіберілген. Ал импорт 28 пайызға төмендеді. Франция, Литва, Польша, Түркиядан 6 жарым мың тонна сары май әкелінген. Өнімге сұраныс жоғары. Былтыр ішкі нарықта 35 мыңға жуық сары май сатылған. Содан болса керек, бағасы 13процентке қымбаттады. Орташа құны 4500 теңге болды. Ең жоғары баға Ақтауда тіркелді. 6300 тг. Ал Түркістанда 3800 теңге болды.

5 млнға жуық отандасымыз жылына кемінде бір рет ойын-сауық шараларына барады. Ал 3 млн-нан астамы көңіл көтеретін орындардан қалмайды. «Freedom Ticketon» платформасының дерегінше қазақстандықтар ай сайын ойын-сауық шараларына 11 801 теңге жұмсайды екен. Жалпы сомма 73 млрд теңгеге жеткен. Уақытын қызықты өткізгісі келетіндердің басым бөлігі киноға барады. Концертке тамашалап, демалатындарда жетерлік. Былтыр эстрада жұлдыздарының өнерлері мен театрлық қойылымдарға жарты миллионнан астам билет сатылған. Павлодарлықтар мен Шымкенттіктер фильмді үлкен экраннан тамашалағанды ұнатса, Ақтөбе тұрғындары спорттық шаралардан қалмайды екен.

Елімізде екі қолға бір күрек таппай жүргендер жетерлік. Мәселен, 35-44 жас аралығындағылардың үштен бірі жұмыссыз. Бірақ ұлттық статистика бюросы жұмыссыздық деңгейі төмендеп жатқанын айтады. Біраз жылдан бері деңгей 5 пайыз болған. Бірақ өткен жылдың төртінші тоқсанында бұл көрсеткіш 4,6 пайызға төмендеп, тарихи минимумға жетіпті. Қарағанды, Ұлытау облыстарында ең төменгі деңгей тіркелген. Ал Маңғыстау, Атырау, Шымкент, Батыс Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі әлі де жоғары.

Валюта бағамына тоқталайық. Қор нарығында доллар бүгін 497 теңгеден саудалануда. Еуро 523, Ресей рублі 5,8 теңге болды.