Солтүстік
Қазақстанда Сенат депутаттығына үміткерлер сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына
кірісті. Бүгін болашақ сенаторлар облыстық және қалалық депутаттармен кездесті.
Үміткерлердің арасында өңірдің бұрынғы басшысы Ерік Сұлтанов та бар. Сайлау
комиссиясы берген мәліметке сүйенсек, бастапқыда Сенат депутаты атануға 5 адам
ынта білдірген. Алайда, кейін оның екеуі айнып қалған. Сөйтіп, қазір жоғарғы
палатадағы орынға бір мемлекеттік қызметкер мен 2 бизнесмен таласып жатыр.
Лариса
Гордеева, СҚО сайлау комиссиясының мүшесі:
Сайлау
маусымның 28-інде өтеді. Үміткерлерге Солтүстік Қазақстан облысындағы 215
депутат дауыс береді. Оның 31-і облыстық мәслихаттан, 19-ы қалалық мәслихаттан,
қалған 165 депутат аудандық мәслихаттың атынан өз таңдауын жасайды.