Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Бос жұмыс орындары туралы билборд үшін, Сағынтаев әкімдерге ескерту жасады

AstanaTV
13.06.2017ж. 20:00
2272
Бос жұмыс орындары туралы билборд үшін, Сағынтаев әкімдерге ескерту жасады

Бос жұмыс орындары туралы билбордқа бола, Сағынтаев әкімдерге ескерту жасады. Үкімет басшысының айтуынша, қала көшелерінде жұмыспен қамту жөнінде ақпараттар жоқтың қасы. Аймақтарды аралаған премьер бірде бір қаладан мұндай мәліметтерді көре алмаған. Ол бүгін әкімдерге тұрғындарды дер кезінде жұмыспен қамту қажеттігін тапсырды.

Жалпы қазіргі уақытта  елде жалақыны 3 ай төлемеген 20 мекеме бар. Олардың борышы 322 млн теңгені құрайды, Айлығына жете алмай отырғандар 1800 адам. Ал банкротқа ұшыраған 103 компанияның қарызы 1,5 млрд теңге. Кесірінен 4 мыңнан аса адам жапа шеккен.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Я по регионам езжу, нигде не увидел. Если не ошибаюсь, по-моему, на выходе из аэропорта в Талдыкоргане это специально, наверное, для гостей сделано, что столько-то рабочих мест, а так в городе, чтобы люди видели - где, сколько трудоустроено, сколько имеется вакансий - этого нет.

Үкіметте бес айдың қорытындысы да айтылды. Ұлттық экономика министрі Сүлейменовтің мәліметінше, бес айда ЖІӨ өсімі - 4,1% құрады. Оның ішінде өнеркәсіп өндірісі -7,8 %, құрылыс секторы -  5,1% өскен.  Инфляция - 7,5%. 

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Өндіріске келетін болсақ, 3 өңірден басқалары жақсы көрсеткішке қол жеткізді. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары кенже қалған. Бұл өңірлер былтырғы көрсеткішке де жете алмай отыр.