Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қызылжар өңірінің экс-әкімі Парламент Сенатының депутаты атануына ниет білдіріп отыр

AstanaTV
13.06.2017ж. 20:00
2366
Қызылжар өңірінің экс-әкімі Парламент Сенатының депутаты атануына ниет білдіріп отыр

Солтүстік Қазақстанда Сенат депутаттығына үміткерлер сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына кірісті. Бүгін болашақ сенаторлар облыстық және қалалық депутаттармен кездесті. Үміткерлердің арасында өңірдің бұрынғы басшысы Ерік Сұлтанов та бар. Сайлау комиссиясы берген мәліметке сүйенсек, бастапқыда Сенат депутаты атануға 5 адам ынта білдірген. Алайда, кейін оның екеуі айнып қалған. Сөйтіп, қазір жоғарғы палатадағы орынға бір мемлекеттік қызметкер мен 2 бизнесмен таласып жатыр.

Лариса Гордеева, СҚО сайлау комиссиясының мүшесі:

Сайлау маусымның 28-інде өтеді. Үміткерлерге Солтүстік Қазақстан облысындағы 215 депутат дауыс береді. Оның 31-і облыстық мәслихаттан, 19-ы қалалық мәслихаттан, қалған 165 депутат аудандық мәслихаттың атынан өз таңдауын жасайды.