Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

ЭКСПО-2017: Франция бетон қабырғаға гүл өсіру технологиясымен бөліспек

AstanaTV
13.06.2017ж. 20:00
2805
ЭКСПО-2017: Франция бетон қабырғаға гүл өсіру технологиясымен бөліспек

Ғимараттың бетон қабырғасына гүл өсіруге болады. ЭКСПО көрмесінде Франция елі осы гүл өсіру технологиясымен бөліспек. Сондай-ақ электр қуатымен жүретін көліктерін таныстырады. Экологиялық транспорттың қатары жеңіл көлікпен шектелмейді. Электрмен жүретін велосипедтер, самокат пен скутерлер де бар мұнда. Бетонды күн батареялы гүлдер мен түрлі өсімдіктерді ғимарат қабырғасында өсіруге мүмкіндік береді. Павильонда тап осы материалды қолдана отырып жасалған түрлі жабдықтар да бар. Яғни бетонның алуан түрінен дайындалған пәтерлердің макеттері мен жиһаз, декорлар қоршаған ортаға келетін зиянды әсерді болдырмауға негізделген. Франция павильонында Еуропа мемлекетіндегі компаниялардың ең үздік деген стартап жобалары орын тепкен. 

Паскаль Лоро, Франция павильонының бас комиссары:

Павильонға қойылған туындылар негізгі үш тақырыптың аясына топтастырылған. Олар - «Жаңартылған энергия», "Болашақтың қаласы" және "Экологиялық көлік"  тақырыптары. Тың туындылардың әрқайсысы француз кәсіпорындарының жетістігі саналады. Соңғы жылдары қол жеткізілген барлық инновациялық дүниелерімізді көрсетуге тырыстық.

Негізгі  мақсат - энергия үнемдеуді барынша жетілдіру, осыған әлемдік қауымдастықтың назарын аудару,- дейді павильонның бас комиссары Паскаль Лоро. Сондай-ақ ғаламдық климаттың жылыну үдерісін барынша тежеуге бағытталған жобалар да бар. Айта кету керек, француз халқы мәдени салт-дәстүрлерін сақтауға айрықша көңіл бөлетін ел. Ауқымды шара аясында түрлі өнер кешін өткізіп, келушілерге рухани азық беретін дүниелер ұсынылмақ. Павильонда әйгілі суретшілер мен мүсіншілердің де туындылары қойылған.