ЭКСПО көрмесі аумағында «Қазақстан халқы ассамблеясының бейбітшілік пен келісім» гүлзары ашылды. Бұл Қазақстанда тұрып жатқан 100-ден астам этнос пен 18 конфессия өкілдерінің тату-тәтті өмір сүріп отырғанына көрсетілген құрмет.
Алдымен кең алқапта этномәдени бірлестіктердің және шығармашыл жастардың театрландырылған шеруі, халықтық қолданбалы өнер шеберлерінің «Шеберлер ауылы» көрме-жәрмеңкесі және «Алға, Қазақстан!» флешмобы өтті. Жиынға қатысқан Мемлекеттік хатшысы бейбітшілік пен келісім аллеясы татулықты сақтаудың жарқын үлгісі екенін атап өтті.
Гүлшара Әбдіқалықова, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы:
Бейбітшілік
пен келісім аллеясының ашылуы - сыртқа үлгі болу үшін, ішкі татулықты сақтау
қажеттілігін өз жолымен танытқан Қазақстанның жетістіктері мен жеңістерінің
дәлелі. Баршаңызға бейбіт өмір мен берік татулық тілейміз.