Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Ақмола облысында сот төрайымы өлі табылды

AstanaTV
14.06.2017ж. 20:00
2606
Ақмола облысында сот төрайымы өлі табылды

Бүгін Көкшетауда Ақмола облыстық сотының апелляциялық-қылмыстық алқа төрайымы Жанна Бердіқұлова өз пәтерінде өлі табылды. Сараптама қорытындысы бойынша, оны қылғындырып өлтірген. Жедел-іздестіру шараларының барысында күдікті ретінде 1985 жылы туған Көкшетау қаласының тұрғыны ұсталған. Ақмола облыстық ішкі істер департаменті өкілдерінің айтуынша, ол бірнеше рет істі болған, соның ішінде адам өлтіргені үшін 2006 жылы сотталған. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталған. Бір анығы, Бердіқұлова ұсталған күдіктінің ісі бойынша ешқандай да қылмыстық іс жүргізбеген. Әзірге қылмыстың себебі белгісіз болып отыр.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

Қазір тергеу жүріп жатыр. Қазір ештеңе айта алмаймыз. Тергеу аяқталғаннан кейін хабарлама береміз.