Ақтөбеде тұрғын үй егесін аяусыз өлтірді деген айыппен пәтер жалдаушы ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Диапазон" басылымының мәліметінше, 54 жастағы ер адам өзінің танысының үйіне тұра тұрғысы келетінін, ол үшін ақы төлеуге де дайын екенін айтқан. Бір күннен кейін олар үстел басына жиналып, ішімдікпен өткізген бұл уақыт ақыры қанды оқиғамен аяқталған.
Айыптауларда пәтер иесі боқ ауыз сөздер айта бастаған, ал пәтер жалдаушы мұны өзін қорлау, кемсіту деп қабылдап, оны бірнеше рет балғамен басынан ұрғаны айтылады. Содан кейін ол ас үй пышағын әкеліп, жәбірленушінің кеуде тұсына сілтеген. Алған жарақаттарынан үй иесі оқиға орнында жан тапсырған.
Сотта айыпталушы оны тек бір рет балғамен ұрғанын, ал одан әрі не болғанын есінде жоқ екенін айтты.
Сот сотталушыны 10 жылға бас бостандығынан айырды.